ҚТЖ бірнеше жолаушылар пойызының белгіленген уақытынан кешігетінін ескертті

ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеулер қойылғанын жеткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚТЖ ұсынған мәліметтерге сәйкес, мына жолаушылар пойыздары кестедегі уақытынан кешігіп келеді:

- №3/4 және № 9/10 "Астана – Алматы",

- №45/46 "Павлодар – Түркістан",

- №51/52 "Алматы – Орал",

- №65/66  "Астана – Жезқазған",

- №71/72 және № 86/85 "Астана – Шымкент",

- №73/74 "Алматы – Жезқазған",

- №105/106  "Алматы – Петропавл".

Компания жолаушылар пойыздарының белгіленген қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

- Вокзалдарда жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы хабарлау жүргізіледі. 1433 анықтама қызметі арқылы күн сайын және тәулік бойы ақпарат беріледі. Пойыз 3 сағаттан артық кешіктірілген кезде оның кешігуі және жол жүру шарттарының өзгеруі туралы "SMS-хабарлама" жіберіледі.

+7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірі бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару мәселелері бойынша ақпараттық қолдау көрсетіледі, пойыз кешіккен әрбір сағат үшін жол жүру құжаты (билет) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді.

- Пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, мейрамхана вагондарында тегін тамақ беріледі. Вокзалдарда тамақтану пункттерінің, сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың (дәретханалардың) үздіксіз жұмысын бақылау қамтамасыз етіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: