БАҚ-та келтірілген дерекке сүйенсек, қайғылы оқиға №2 қаңылтыр тарту цехының химиялық блогындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Ер адамды тоқ соққан. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда ол есін жимастан көз жұмды.
"Арселор Миттал Теміртау" АҚ-тың мердігер ұйымы жұмысшысының қаза болу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары қолға алынды". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін 2022 жылдың 8 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургия комбинатының кокс-химия өндірісінде кісі өлімі орын алған. Ол кезде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың 1982 жылғы газ маманы қаза тапқан.
Айта кетсек, 9 желтоқсанда Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен кездесу өткізді. Сол кезде Қазақстан компанияның қызметін бағалау үшін сырттан халықаралық сарапшыларды тартқалы жатқаны хабарланды. Бағалау кезеңінде АМТ өкілдері өндіріс көлемін, жұмыспен қамту деңгейін және жалақымен қамсыздандыруды сақтауға уәде берді.