Түркістан облысында полиция жолға лас су төккен жүргізушіні ұстады
Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында полицейлер өңірдегі санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау жұмыстарын күнделікті жүргізуде.
Ордабасы ауданының тәртіп сақшылары кезекті патрульдеу кезінде Темірлан ауылындағы көшелердің бірінде септик тазалауға арналған арнайы көліктің жүргізушісі тұрмыстық қалдық судың белгіленбеген жерге төгіліп, жол бойына ағуына жол бергенін анықтады.
Тексеру барысында аталған әрекетті 60 жастағы азамат жасағаны белгілі болды. Жүргізушіге қатысты қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру талаптарын бұзу дерегі бойынша әкімшілік шара қолданылды.
Оқиға толық полиция көлігінің бейнетіркегішіне түскен. Тәртіп сақшылары елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны ластау деректерінің алдын алу бағытындағы рейдтік және профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript