Түркістан облысында экологиялық талаптарды бұзған азаматтар жауапқа тартылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2026 10:47 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасымен өтіп жатқан "Таза Қазақстан" акциясы бойынша Түркістан облысында полицейлер абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластау фактілерін анықтау бағытында кешенді шаралар жүргізуде.

Соның ішінде цифрландыру жүйесі арқылы eGov, Kaspi, Halyq, E-Otinish, 102 мобильді қосымшаларынан 976 өтініш, арыз-шағымдар түскен.

Нәтижесінде абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаған тұрғындарға заңды шаралары қабыданды. Сондай-ақ бейнебақылау камералары арқылы нөлдік төзімділік қағидаттарын бұзган жалпы 3264 азамат жауапқа тартылған.

Жалпы тәртіп сақшылары "Таза Қазақстан" акциясы басталғалы бері "Нөлдік төзімділік" қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін баптар бойынша 58 мың 955 дерек анықтап, шара қабылдады.

Оның ішінде 18 563 тұлғаға ескерту жасаған. Сонымен қатар облыс аумағында 616 бейберекет қоқыс орындары анықталып, нәтижесінде 616 нүкте тазаланды.

Осы бағытта полиция департаменті мен Түркістан облысы бойынша экология департаменті қызметкерлері бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Нәтижесінде бей-берекет қоқыс орындарының пайда болуына жол бергені үшін лауазымды тұлғалар тарапынан жалпы 52 құқық бұзушылық анықталып, дер кезінде шара қабылдаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: