Қарағанды облысында санитарлық талапты бұзған азаматтар жауапқа тартылды

Мусорный полигон, мусор, мусорная свалка, свалочный полигон, отходы, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 13:18 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында жыл басынан бері абаттандыру ережелері мен санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осы уақыт ішінде 24 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Аталған бұзушылықтар үшін 400-ден астам ұйым мен кәсіпорын жетекшілері жауапкершілікке тартылды.

Жиналғаоршаған ортаға қауіп төндірген 248 рұқсатсыз қоқыс алаңы жойылды. Мысалы, қалдықтарды дұрыс сақтамаған және аумақты қоршаусыз қалдырған 11 жер телімінің иесі жауапқа тартылды.

Тұрғындар да экологияға бейжай қарамай, әлеуметтік желілер арқылы заңсыз әрекеттер туралы хабар беріп, "Таза Қазақстан" бастамасына белсенді атсалысуда.

Осындай үндеулердің нәтижесінде, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастаған 30 жүргізуші жазаға тартылды. Олардың көліктері айып тұрағына қойылып, толық тазалық жұмыстарын жүргізілді.

Соңғы апта ішінде ғана абаттандыру талаптарын сақтамағаны үшін 7 кәсіпорын басшысы мен 3 жүргізуші жауапқа тартылды. Балқаш қаласында бірнеше мәрте ескерту алған үш демалыс орнының иесі мен бір мердігер ұйымның жетекшісі де тәртіпсіздік үшін жауап берді.

Тек өткен аптада абаттандыру ережелерін бұзу бойынша азаматтардан 26 шағым түскен. Барлық арыз-шағым бойынша тиісті шаралар қабылданды. Полиция тұрғындарға абаттандыру және санитарлық талаптарды бұзу — жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Тазалық — әрбіріміздің ортақ міндетіміз!

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: