Өскеменде өрт сөндірушілер пәтерде шыққан өрттен 8 тұрғынды құтқарып, бір адамның мәйітін тапты

Cурет: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі
6 қаңтарда сағат 20.48-де Назарбаев даңғылындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері бірінші кезекте баспалдақпен 8 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін басқан кіреберістен 10 адамды эвакуациялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, пәтерде төсек-орын жанып кеткен. Үй иесінің 1980 жылы туған ұлының мәйіті табылды.

Өрт сөндірушілер 1984 жылы туған адамды құтқарып, оны қою түтін басқан пәтерден алып  шықты. Ол   жедел-жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген.

Сурет: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің шығуына төсекте мас күйінде темекі шегу себеп болуы мүмкін деген болжам бар

"Сөндіру жұмыстарына барлығы 14 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техника жұмылдырылды. ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін еске салады. Тұрғын үй-жайларда, әсіресе алкогольдік мас күйінде темекі шекпеңіздер", - делінген хабарламада.

Сурет: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда