Ақмола облысында 9 көлік бір-біріне соғылды

Сурет: pixabay
8 қаңтарда Астана – Петропавл автожолының 236-шақырымында 9 көліктің қатысуымен жол апаты болып, 9 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасының жазуынша, Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны  ВАЗ 2109 көлігімен Chevrolet Cobalt автокөлігін және Volvo автокөлігін соққан. Содан кейін тағы 6 көлік бір-біріне соғылған: Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado. 

Жол апаты салдарынан 2 жүргізуші мен 7 жолаушы "Авиценна Бурабай" ЖШС-не жеткізілді. 

6 жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі – "Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты