"Жарылыс салдарынан сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен бір ер адам (1979 жылы туған) құлап зардап шекті. Ол тірі. Медицина мекемесіне жеткізілді. Оның диагнозы мен жағдайы қазіргі уақытта нақтыланып жатыр", - деді ол.
Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, азаматтың құлап кеткені не өзі секіріп түскені әзірше белгісіз.
Еске салайық, 10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағандыдағы Республика даңғылы 18/2 мекенжайындағы 18 қабатты үйдің 8-қабатынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар – екі ер адам, бір әйел. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген, ол 8-қабаттан құлап түскен.