Екібастұзда жылу желісінде күн сайын екі-үш-төрт ақау тіркеледі

"Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Вадим Лесин Екібастұзда жылуға байланысты жағдай қашан қалпына келетінін білмейді. Оның айтуынша, жылу желісі мамандары күн сайын тіркелген екі-үш-төрт ақауды жөндеп әлек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ол бұған ЖЭО-дағы құрал-жабдықтардың күйі себеп екенін баса атап өтті.

"Қазіргі уақытта станцияда төмен деңгейдегі параметрлермен жұмыс атқарылуда. Сондықтан қала бойынша барлық пәтер мен нысанда салқын. Қазіргі уақытта бүкіл қаланы жоғары температурамен қамту мүмкін емес. Мұндағы басты мәселе - жылу орталығында. Қазандық қондырғыларының жұмысын жүзеге асыратын қосалқы айналмалы механизмдері бұзылған. Біз қазір бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз.Ақау жойылған жағдайда жылу параметрлері жоғарылайды", деп Pavlodarnews.kz Вадим Лесиннің сөзін келтіреді.


Оның айтуынша, коммуналдық төлем бұрынғы қалпында қалады. Десе де, желтоқсан айымен салыстырғанда, бүгінде төмен деңгейде болса да барлық нысандар мен тұрғын үйлерге жылу берілген.

Айта кетсек, төмендетілген жылу параметрлеріне қарамастан, қалада жылу желілері үшін тоқсан ішілік жылу желілерін және магистральдық жылу желілерін өшіру жоспарланбаған.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: