Атыраудағы кәсіпорында май қалдығы өртенді: зардап шеккендер жоқ

Сурет: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы
Атырауда май қалдықтары өртенді. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 19 қаңтар күні сағат 15:19-да Атыраудағы З.Қабдолов көшесі мекенжайындағы мекемелердің бірінде орналасқан резервуарлар жанында түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң Petro Export ЖШС-нің ауласында (әрқайсысы 400 текше метр) 2 резервуарда және шамамен 64 шаршы метр көлеміндегі жапсарлас бөлігінде май қалдықтарының жанғанын анықтады", - делінген хабарламада. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінен және "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС барлығы 19 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.


Өрт сағат 16:38-де ауыдықталып, сағат 17:41-де сөндірілген.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді