Астанада сотталушы есірткіні іш киіміне жасырған

Сурет: Zakon.kz
Елордада есірткі затын іш киіміне жасырған жазасын өтеп жүрген азаматтың айласы әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, асыра айламен ішкиіміне есірткіні салып оны тігіп тастаған жазасын өтеп жүрген азамат ұсталды.

Ол тігін цехында жұмыс істеп жүріп, есірткіні жасырып, түрме аумағына кіргізу үшін іш киіміне тігіп тастаған. Алайда ол жұмыс орнынан келгенде мекеме қызметкерлері тінтіп-тексеру арқылы есірткіні тапқан. Жеке тінту кезінде ішкиім ішіне жасырын тігілген жасыл түстес, спецификалық иісі бар зат табылып, тәркіленді.

"Сот химиялық сараптамасы нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат гашиш есірткі заты болып шықты. Қазір осы дерек бойынша жазасын өтеушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалы жүргізіліп жатыр", - делінген Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті