Мьянмада құлдықтан босатылған екі Қазақстан азаматы елге жеткізілді

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Мьянмада құлдықтан сытылып шыққан екі Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" отандастарымыз ақша табу үшін шетел асқанын нақтылайды.

Айбек Смадияровтың айтуынша, олар еңбек құлдығына тап болған. Екі азаматтың құлдықтан қашып шығуына жергілікті тұрғын жәрдемдесіпті. Кейіннен екі отандасымыз Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, Бангкокқа жеткізілді. Онда азаматтардың Таиландтық визасының мерзімі өтіп кеткендігі анықталып, бір тәулік ішінде жаңадан құжат әзірленген. Осылайша, отандастарымыз Алматы қаласына аман-есен жеткізілді.

Айта кету керек, өткен жылдың жаз маусымынан бері еңбек құлдығына тап болған 14 отандасымыздың елге оралуына Қазақстанның Тайландтағы елшілігі көмектескен.


"Біздің консул дереу автокөлікпен Таиландтың шекарасына барып, Мьянмадан қаланың шетінен оларды алып кетті. Бангкокқа жеткізіліп, олардың құжаттары рәсімделіп, көші-қон заңдарын бұзғаны үшін айыппұлдар төленді. Қатар арқылы билет алынып, Алматыға ұшып келді". ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты