Алматының Құрамыс шағын ауданында болған кісі өлімінің кейбір жай-жапсары белгілі болды

Сурет: pixabay
Құрамыс ықшамауданында ер адам әйелін атып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған отбасылық қайғылы оқиғаның себебі қызғаныш немесе ажырасу ықтималдығы болуы мүмкін. Көршілер осылай деп ойлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана телеарнасының хабарлауынша, 48 жастағы алматылық әйелімен жанжалдасып, артынан мылтықты қолға алған. Әйеліне оқ атқаннан кейін, өзін өлтіруді ұйғарады. Ата-анасының қос мәйітін жұмыстан оралған ұлы тапқан. Ол дереу көршілерін көмекке шақырған. Олардың бірі телефон арқылы сөйлескенде бұл ерлі-зайыптылардың ажырасуға арыз бергенін айтты.

Кісі өлтіру мен суицидке шынымен де қызғаныш себеп болды ма, оны полиция анықтайтын болады.

Бұл арада қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұл деректің ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелгенін ғана айтты. Сараптамалар тағайындалды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі