Республикалық жолдардағы су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"ҚазАвтоЖол" республикалық жолдардағы су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік пен патрульдеу ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қабылданған іс-шаралар кешені республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз қозғалысты, сондай-ақ жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Жергілікті гидрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені әзірленді. Мердігер ұйымдар мен жол қызметтеріне су басу қаупін алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелеріне сәйкес су басу қаупі жоғары республикалық автожолдардың учаскелері анықталды"."ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі

Арнайы алдын алу шараларына:

350-ден астам қауіпті учаске ерекше бақылауда.

Сондай-ақ компания өкілдері республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басып, шайылып кеткен учаскелер жоқ екенін мәлімдеді.

2023 жылғы 2 ақпанда Түркістан, Кентау қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су басты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды