Түркиядағы зілзала кезіндегі Армениядағыдан да әлдеқайда күштірек болған – БАҚ

Сурет: Twitter/@smasmakuwait
Түркиядағы алапат зілзаладан кейін 10-нан астам жер сілкінісі (афтершок) тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РҒА институтының директоры Петр Шебалин Түркиядағы төтенше оқиға 1988 жылы Арменияның Спитак қаласында орын алған зілзаладан әлдеқайда күшті болғанын мәлімдеді.

"Шамамен 6 балдық жер сілкінісі Түркияда бірнеше күн бойы қайталанады", - деп РИА Новости Шебалиннің сөзін келтіреді.


Түркияда қазірдің өзінде 3 мыңға жуық ғимарат қирағаны белгілі.

"Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны - 1 014. 2 824 ғимарат қирады", - деді Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер.

Таңертең ерте Кахраманмараш провинциясында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл - 1939 жылдан бергі елде орын алған ең ірі апат.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмектесуді тапсырып, онда қазақстандық құтқарушыларды аттандарды.

6 ақпанда таңертең Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды.

7,8 балдық тағы бір күшті жер сілкінісі кейінірек Түркияның орталық бөлігінде тіркелді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты