Бір шенеунік пен екі кәсіпкер 1,3 миллиард теңгені жымқырды деген айыппен сотталды

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы Қызылсуат ауылында электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша үкім шықты. Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысына және "РемСтройСервис ПВ" мен "MS-Energy" ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты.

"Қылмыстық істің барлық қатысушыларына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сондай-ақ ведомство сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайтынын, ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайтынын атап өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы