Түркістандық полицейлер тұрғынның жоғалған 13 бас жылқысын тауып берді

Сурет: pixabay
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, Жемісті ауылына қарасты егістік алқапта жайылып жүрген 13 бас жылқылары белгісіз жағдайда жоқ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы тұрғынға келтірілген шығын көлемі 9 млн теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеп, жылқыларды іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Одан ары мал егесімен бірге іздеуге шыққан полицейлер, 2 қызметтік көлікпен айналаны, тау-тасты, ой-қырды түгел шолып шықты.

Осылайша 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған жылқылар 20-25 шақырым қашықтықтағы егістік алқаптан табылды.

Ірі қара малдарының аман-есен табылғанына риза болған тұрғын, полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды