Шымкентте балалар үйінен қашқан екі қыз табылды

Сурет: otyrar.kz
Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларын бақылап, іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөпірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді. Қазіргі таңда оларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

"Мекеме тәрбиеленушілері өздеріне қатысты ешқандай теріс әрекет жасалмағанын айтты. Қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығына қандай да бір зақым келген-келмегенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр". Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева

Еске салайық, осыдан 4 күн бұрын, 16 ақпанда Шымкенттегі Тұран ауданында орналасқан Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 14 және 15 жастағы екі тәрбиеленуші шығып кеткен.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Мобильді аударымдарды тексеру: салық органдары қазақстандықтардың алаңдаушылығына жауап берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді