Ақтөбеде әр жерге қоқыс тастайтындар жазаланып жатыр

Сурет: pixabay
Ақтөбеде қоқысты көрінген жерге тастай салатын азаматтар жазаланып жатыр. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кез келген ақтөбеліктің тазалыққа қарсы ерсі қылығы ескерусіз қалмайтын болады.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Ақтөбеде қол созым жердегі қоқыс жәшігіне баруға ерінетіндер көбейген. Екінші қабаттағы балконынан сыртқа қоқыс лақтырып, үй алдына қалдық үйіп қойған тұрғындар да бар. Ал жөндеу жұмысынан кейін құрылыс материалдарын жәшік жанына қоя салатындарға тыйым болмай отыр. Сондықтан бейнебақылау камерасына түскен тұрғындардың заңсыз әрекетін полицейлер сүзіп отыратын болған. Алайда қаланың бар аумағын шолуға камера жетіспейді. Ақтөбеде қазір 200-дей ғана бейнекамера болса, соның көбі істен шыққан.

"Қазір полиция абаттандыру ережесін бұзған адамды анықтау бойынша ісшара жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камерасының көмегімен 300-ден астам бұзушылық анықталды. Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылды".Ақтөбе облысы ЖПҚБ табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Серік Елеуов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме