Алматыда салынып жатқан әкімшілік орталық сот шешімімен бұзылады

Сурет: Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы
Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Бостандық ауданындағы төрт қабатты әкімшілік ғимарат заңды өрескел бұза отырып салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғимарат Экспериментальная көшесінің солтүстігі мен Ходжанов көшесінің шығысында орналасқан. Нысан жоба эскизінсіз салынған, сонымен қатар бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелген.

Қала құрылысын бақылау басқармасы және меншік иесі арасындағы сот процесі екі жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді.

"Атқару парағы Алматы қаласы Әділет департаментіне 2022 жылдың 5 мамырында жолданған. Нысанды бұзу 09.08.2022 жылға жоспарланған еді. Алайда сот орындаушысының әрекетіне шағымдануын ескере отырып, бұзу жүргізілмеген. Одан әрі жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты үшінші тұлға Алматы қалалық сотына бұзу туралы шешімге апелляциялық шағым түсірді. Алматы қалалық сотының шешімімен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалды", - делінген хабарламада.

Бүгінде орындау Алматы қаласы Әділет департаментінің өндірісінде. Сот орындаушысымен нысанды бұзу мерзімі әлі белгіленбеген.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді