Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
ІІМ мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы А.К. екені анықталды.

Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115 "Қауіп-қатер", 147 "Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу", 158 "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202 "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" және 293 "Бұзақылық" баптарымен қарастырылған айыптар тағылды.

Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады. Жауап алу барысында барлық шабуылды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені жеке себептер мен бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкілдеріне бұрынғы талаптарының болғанын мәлімдеді.

Клебанов-Маневич құқыққа қайшы жоспарларын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсаттары мен нұсқаларын өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған.

Тергеу жалғасып жатыр, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы журналистерге шабуылды ұйымдастырғандардың  сыбайластары анықталған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Талдықорғанда "синтетика" таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды