Қазақстандықтар жол апатына жиі ұшырай бастады

Сурет: Zakon.kz
Сарапшылар Қазақстан жолдарында апат көбейгенін айтты. 2022 жылдың соңында жол-көлік оқиғаларының саны 6,4% өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Егер ЖКО саны 2022 жылдың басынан сәуірдің соңына дейін жыл сайын 2,9% өссе, ал мамырдан желтоқсанды қоса алғанда бірден 7,7% өсті", - дейді мамандар.

Energyprom.kz зерттеушілерінің мәліметінше, нәтижесінде жалпы 2022 жылдың соңына қарай жазатайым оқиғалардың саны 6,4% өсті. Бұл - кейінгі жылдардағы ең үлкен өсім.
Дәл осындай динамика осы апаттарда зардап шеккендер санына қатысты да байқалады.
Оның үстіне, сарапшылардың айтуынша, жағдайды маусыммен түсіндіру мүмкін емес.
"Қыстың ең қауіпті айлары дәл бірінші кезеңге (қаңтар-сәуірді қоса алғанда) түседі".

Сонымен қатар егер 2021 жылдың көрсеткішін қарастырсақ, онда 2020 жылмен салыстырғанда, қаңтар-сәуірде ЖКО санының жыл сайынғы өсімі 10,3%, ал мамыр-желтоқсанда небәрі 0,8% болды.

4 наурыз күні Ақтөбе облысында адам өліміне әкелген апат болды. 9-класс оқушысы Toyota Land Cruiser көлігінің тізгініне отырып, рульді басқара алмаған. Салдарынан жол талғамайтын көлік аударылып қалды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті