Түркістан облысы прокуроры өлімінің болжамды себебі айтылды

Сурет: gov.kz
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов өлімінің болжамды себебін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратура прокурор жүрек талмасынан қайтыс болғанын атап өтті.

9 наурыз күні Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды

Марат Әлиханов 1965 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған.

Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.

Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

Түркістан облысының прокуроры болып 2020 жылғы 19 ақпанда тағайындалды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды