Талдықорғанда балалар ауруханасының бухгалтері 109 млн теңгені құмар ойынға жұмсап жіберген

Сурет: pixabay
Талдықорған соты балалар ауруханасының бухгалтерін 109 млн теңгені иемденіп алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта бухгалтер 2021 жылғы 1 наурыздан бері аурухана шотынан өзіне ақша аударып, оны құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды.

Ауруханаға 109 млн теңге шығын келген.

Сотталушы кінәсін толық мойындады, шын жүректен өкініп, келтірілген зиянды өтеуге уәде берген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді