БҚО-да басты жолын су шайған ауылдан 16 адам тікұшақпен эвакуацияланды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қоржын ауылынан 16 адам, оның ішінде 6 бала және 2 жүкті әйел тікұшақпен тасымалданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқыны жағдайын ТЖМ Қазавиақұтқару Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау кезінде Қаратөбе ауданы Қоржын ауылы маңында "Қаратөбе ауылы-Қоржын ауылы" жергілікті маңызы бар автомобиль жолы арқылы еріген қар суының тасуы тіркелді.


"Құтқарушылар мен жүзу құралдарын елдімекенге тікұшақпен жеткізу туралы шешім қабылданды. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылының 16 тұрғыны аудан орталығына жеткізілді. Әуеден барлау жұмысы жоспар бойынша сәтті өтті. Қазіргі сәтте адамдар туыстарының үйіне орналастырылды", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қоржын ауылы көлік қатынасынсыз қалды, тұрғын үйлерді су басқан жоқ, азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер бар. Жасыбай өзеніндегі су өз арнасы бойымен өтуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді