Шымкентте ауыр жүк көлігі қыз баланы басып кетті

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде ауыр жүк көлігі жолдан өтіп бара жатқан қыз баланы басып өткен сәтінің видеосы тарады. Кейін белгілі болғандай, жантүршігерлік оқиға Шымкент қаласында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 10 наурызда Шымкент қаласының Қазиев көшесінде болған. Жүк көлігінің астына түскен - 12 жасар қыз бала. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Құдай сақтап, бала аман қалған, бірақ көптеген ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға түскен, деп хабарлайды otyrar.tv.

Балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Оған бас-ми жарақаты, мидың зақымдануы, екі жіліншек сүйектің, иықтың жабық сынығы және тағы басқа диагноздар қойылған.

Баланың жағдайы өте ауыр, тұрақсыз, есеңгіреген күйде деп бағаланады. Қазір ол мамандардың жіті бақылауында.

Видеода қабылдауға өте ауыр сәт барын ескертеміз!


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды