Алматыда пышақталған ер адамның мәйіті табылды

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 15 наурызға қараған түні "Самал-3" шағын ауданында ер адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Zakon.kz тілшісіне Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын хабарлады.

Egov.press Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кісі өлімі балалар алаңында болған, марқұмның денесі тұрғын үйдің терезелерінің астындағы орындықтардың жанынан табылған.

Сурет: Telegram/egovpress

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді. Оны Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан 35 жастағы ер адамды танысы пышақтап кеткен. Күдікті – 2001 жылы туған Д. есімді азамат, ол "ізін суытпай" ұсталды".Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сурет: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қалалық полиция департаменті күдікті қамауға алынғанын атап өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты