Қызылордалық 14 жастағы оқушы суға батып бара жатқан досын құтқарды

Сурет: polisia.kz
14 жастағы Әмірхан Абай суға батып бара жатқан досын құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылордалық оқушы №136 мектеп-лицейде 8-сыныпта оқиды. Бір апта бұрын ол достарымен өзенге мұздың еріп жатқанын көруге барған.

"Біз сырғанап, ойнап жүріп, мұздың ортасына қалай барып қалғанымызды білмей қалдық. Бір кезде мұз ойылып, Мұхамеджан деген досым суға түсіп кетті. Мен оны басында байқамадым, тек ол "Әмірхан" деп айғайлағанда ғана артыма жалт бұрылып, суға батып бара жатқанын көрдім. Ойлануға уақыт болған жоқ. Тез арада суға түсіп, оны құтқарып қалуға тырыстым. Суға сүңгіп, Мұхамеджанға дейін малтып, оны желкесінен тартып, қалың мұзға дейін апардым". Әмірхан Абай 

Кейін оларға судан шығуға Сұлтан, Нұрболат және Даниал деген достары көмектескен. Балалар Мұхамеджан мен Әмірханды кезек-кезек судан алып шыққан.

Әмірхан кішкентай кезінен бастап жүзумен және футболмен айналысады. Қазір ол Қызылорда қаласының "Қайсар" футбол клубы, “2009” футбол командасында ойнайды.

Әкесі ҚР Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Берік Жанулин. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті