Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық жүргізу шеңберінде елордалық ТЖД басшылығы қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралауды жүзеге асырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында елорда аумағынан 3,8 млн текше метрден астам қар шығарылды, 48 мың метрден астам арық-науа желілері тазартылды, 5000 метрден астам құбыр бумен тазартылды.

"Қаладағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдардың қоры дайындалды.Су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтуге дайындық жүргізу шеңберінде елордалық ТЖД басшылығы қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралауды жүзеге асырады". Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі

Жеке сектор тұрғындарымен үй маңындағы аумақты қардан уақтылы тазарту туралы ақпараттандырумен бірге профилактикалық әңгімелесу белсенді жүргізілуде.


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады