"Каналға құлап кеткен". Түркістан облысында тағы бір кәмелтке толмаған қыз іздестіріліп жатыр

Сурет: видео скрині
Түркістан облысының құтқарушылары 4 күннен бері табылмай жатқан 5-сынып оқушысы Інжу Ескерместі іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, оралмаған.

Видеожазбалардан қыздың аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.

Інжумен бірге ойнаған көрші қыз екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын айтқан.

Қазір құтқарушылар осы бағыт бойынша іздеу жұмыстарына кірісті.


Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 40 жеке құрамы, жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір 1 жүзу қайығы, полиция департаментінен 50 адам, жергілікті атқарушы органнан 8 адам, еріктілерден 50 адам жұмылдырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі