Маңғыстау облысы аумағына тараған жағымсыз иіске қатысты экологтар түсінік берді

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысы экология департаменті облыс аумағындағы жағымсыз өрт иісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экологтар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне келіп түскен хабарламалар бойынша департамент мамандары Жетібай ауылы, Жаңаөзен қаласы, Ақтау қаласының атмосфералық ауасына өлшемдер жүргізуді жалғастырып жатқанын жеткізеді. Сондай-ақ ауадағы жану иісі (запах гари) облыстық көлемде, яғни Ақтау Жаңаөзен қалалары, Жетібай ауылы, Маңғыстау ауданының Шетпе, Қызан, Ақшымырау, Шайыр ауылдарында да орын алып отырғанын нақтылайды.

"Алдын ала жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ауада өндірістік ластаушы заттектердің (газдардың) шамадан тыс артуы тіркелмеді. “Казгидромет” РМК автоматты бекеттері де бүгінгі таңда зиянды заттектердің шамадан тыс артуы тіркелмегендігін растап отыр". Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі

Аталған иіс болжамды жану иісі (запах гари) деп саналғандықтан, департамент төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп иіс шығу ошағын анықтау жұмыстарын әлі жүргізіп жатқаны нақтыланады. 

Қабылданған шаралар бойынша қосымша ақпараттар кейінірек ұсынылатыны да ескертілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді