Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті көтерме бағасы белгіленеді

Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрлігі «Бағаны мемлекеттік реттеуге жататын стационарлық жанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бензин мен дизель отынына шекті көтерме баға белгіленеді:

АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге;

АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 214 584 теңге;

дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 284 350 теңге.

Түсіндірілгендей, жоба жанар-жағармай құю станцияларында ресурс иелерінен мұнай өнімдерін бәсекеге қабілетті бағамен сатып алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жанар-жағармай нарығындағы бағаны тұрақтандыру және елдегі мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында әзірленген.

Жоба 7 сәуірге дейін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

2023 жылдың 3 сәуірінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов ішкі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру мақсатында бензин мен дизель отынының бағасы көтерілетінін, Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажеттігін мәлімдеді. 

Атап айтқанда, баға өседі:

АИ-92 және АИ-93 бензині үшін 182-187-ден (өңірге байланысты) литріне 205 теңгеге дейін (өсім 11%);

ал дизельдің бағасы литріне 295 теңге болады. Қазір аймаққа байланысты баға 230-260 теңге аралығында (орташа өсім 20%).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды