Шымкентте кішкентай қыз маймылдар отырған қоршаудың әйнегін сындырып алды

Сурет: видеодан алынды
Шымкентте 4 сәуірде сағат 17:40 шамасында хайуанаттар бағында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar басылымының хабарлауынша, отбасы тақтайшада жазылған ескертулерді елемеген. 

"Кішкентай бала приматтар (маймылдарды) орналасқан экспозициялық қоршаудың әйнегін сындырды. Ол саябақ аумағынан тас алып келіп, онымен әйнекті бірнеше рет ұрған. Оқиғаға куә қыздың ата-анасы хайуанаттар бағынан тез кетуге асығықты", делінген хабарламада.

Хайуанаттар бағы басшылығы егер ересектердің өздері мекемеге келіп, кешірім сұрамаса, онда өздерінің қалалық полиция департаментіне арызданатындарын айтады.


"Мұндай жағдайларды болдырмау үшін хайуанаттар бағындағы ережелерді сақтауды сұраймыз", – деп атап өтті әкімшіліктегілер.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді