Ақтөбеде жасөспірім екі көлікті заңсыз айдап кеткен

Сурет: polisia.kz
30 наурызда ЖБО-ның “102” арнасына Қ.Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласында Ваз көлігін айдап әкету әрекеті болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Келген полиция жасағы автокөліктің иесі түнде кілтті автокөлікте қалдырып, есікті пультпен жауып кеткенін анықтады.

Мұны пайдаланған ұры көлікті айдап әкетуге тырысқан, бірақ ауладан шыға берген кезде көлік сөніп қалған. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында атыраулық 17 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің сол түні жақын маңнан Lada Granta автокөлігін де айдап әкеткені анықталды.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды