Ақтауда ауызашарға барған дәрігерлер жаппай астан уланды

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда 16 дәрігер қаладағы белді қонақ үйдің мейрамханасындағы ауыз ашарға барған. Онда шақыртылған қонақтардың арасында аудандар мен қаладағы медициналық мекемелерде жұмыс істейтін 50-ге жуық дәрігер болыпты. Олардың 16-сы кешкі астан кейін аурухана түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір астан уланғандардың тең жартысы емделіп жатыр. Инфекционистер барлығының жағдайы орташа екенін айтады. Денсаулық сақтау басқармасындағылар уланған дәрігердің әрқайсысының қарауында емделуші 100-ден аса науқас барын жеткізді. Сондықтан бұл жағдай оларды әбігерге салып отыр. Қонақ үй басшылығы аталған жағдайға қатысты тексеріс басталғанын жеткізді, деп хабарлайды КТК.


"16 науқас келіп қаралды. Олардың ішінде 10 адамды біз ішек инфекциясы, гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға жатқыздық. Алтауында жеңіл түрде болған соң, оларды амбулаторлық емге жолдадық. Оларың бәрінде де ішек инфекцияларының клиникалары болды. Іші бүріп ауырған".  Маңғыстау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлбану Нұржанова
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды