Жетісу облысында малдың 55 пайызы төлдеп үлгерді

Сурет: pixabay
Жетісу облысындағы малшылар қауымының дәл қазір қауырт шағы. Өңірде мал төлдеп жатыр. Биыл төрт түліктен 1 млн бас төл алу жоспарланған.

Атап айтқанда, шаруалар 830 мыңға жуық қозы-лақ, 200 мыңдай бұзау, 53 мың құлын мен 300-дей ботамен мал басын еселемек. Қыс қатты болғанымен көрсеткіш те жаман емес.

Малдың 55 пайызы төлдеп үлгерді. Шаған тауының етегінде орналасқан бұл шаруашылық биылғы науқанға 600 саулықпен кірді. Малдың алды төлдеп бітті, деп жазады qazaqstan.tv.

Таулы аймақта қар жылдағыдан көп түсіп, мал азығы түгесіліп, көкке әрең іліндік дейді қожалық жетекшісі. Десе де төл алу науқанын ойдағыдай бастап, ойдағыдай аяқтап жатқан жайы бар.

Жалпы Көксу ауданы бойынша биыл 90 мың қой-ешкіден төл алу жоспарланған. Қазірдің өзінде 100 саулықтан төл басы 90-95-тен айналуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан