Ақмола, Ақтөбе және Павлодар облыстарында 8 жол учаскесі жабылды

Сурет: Zakon.kz
"Қазавтожол" АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 8 учаскесінде жол қозғалысы шектелгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола, Ақтөбе және Павлодар облыстарындағы тас жолардың белгілі бір бөліктері жабылды. 

Ақмола облысындағы жол қозғалысына шектеу енгізілген күре жолдар:

- "Екатеринбург-Алматы" тас жолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;

- "Жақсы-Есіл-Бұзұлық" тас жолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;

- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

- "Жезқазған-Петропавл" тас жолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін;

- "Екатеринбург-Алматы" тас жолында Атбасар қаласынан Астраханка қаласына дейін.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, қатты жел) көліктің барлық түрі үшін мына жол учаскесі жабылды:

- "Ақтөбе-Орск" тас жолының Шәмші Қалдаяқова ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында жол қозғалысы уақытша шектелді.

Павлодар облысында төмендегі күре жол бөліктері жабылды:

- "Астана-Ерейментау-Шідерті" тас жолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;

- "Қызылорда-Павлодар" тас жолының Қарағанды облысының шекарасынан Павлодар қаласына дейінгі аралықта қозғалыс шектелді. 

Ақтөбе
Павлодар
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты