Астанадағы ауа райына байланысты құтқару бөлімшелеріне 3500-ден астам қоңырау түскен

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және қазіргі тәулікте 112 желісіне түрлі сипатта 3500-ден астам қоңырау түскенін хабарлады.

Астана қаласы ТЖД бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жүргізді. Онда қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялады, адамдарды қалаға жеткізді.

Қазір ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск.

ТЖД қызметкерлері жоғары өтімді техникамен қаладан шығу бағыттары бойынша патрульдеу жүргізіп жатыр.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына барудан бас тарту, қырағы болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау ұсынылады", - делінген ТЖД хабарламасында.

Сонымен қатар құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа-райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын деді департамент.


Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі