Жүз пайыз жатақханамен қамтылған білім ордасы

Өткен аптада Жәңгір хан университетінде ғылым айлығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыс басшысы өз сөзінде университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамын ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, білім ордасының ғылыми әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде өткен жылдан бастап елімізде жыл сайын «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлу, әлемнің жетекші жетекші ғылыми орталықтардан 500 ғалымның тағылымдадан өтуі, жетекші ғалымдардың еңбегіне ақы төлеу тағы басқа ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті талантты жастар мен ғалымдар шоғырланған Батыс қазақстанның ірі аграрлық техникалық ғылыми зерттеу бағытындағы ең үлкен білім ордасы. Университетте студенттеріміздің алаңсыз білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Бідім ордасындағы қосымша білім алуға жасалған жағдайды көріп, балаларымыздың жетістігін көріп қуанып отырмыз. Бұл унверситеттің студенттері 100 пайыз жатақханамен қамтылған, –деді Нариман Төреғалиев."

Сурет: Жәңгірхан атындағы БҚАТУ -нің баспасөз қызметі

Салтанатты шарада Жәңгір хан университетінің ғалымдары – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Шәлменов, PhD докторы, доцент Ербол Ербаев, аға оқытушы, РhD докторы Бекбол Сариев, PhD докторы, доцент Салтанат Есенғалиева, аға оқытушы, магистр Талап Шадьяров облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сурет: Жәңгірхан атындағы БҚАТУ -нің баспасөз қызметі

Өңір басшысы университ фойесіне қойылған ғылым көрмесін тамашалап, университеттің ғылыми жаңалықтарымен, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалармен танысты.

Сурет: Жәңгірхан атындағы БҚАТУ -нің баспасөз қызметі

Сонымен қатар «Жастар бастамасын дамыту» орталығында, «Сұңқар» спорт кешенінде, мәдениет және өнер студиясында болды.

Сурет: Жәңгірхан атындағы БҚАТУ -нің баспасөз қызметі


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: