Түркияда оқ тиген жерлесіміз жөнінде тың дерек шықты

Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандық жігіттің атысқа мүлде қатысы болмағынын мәлімдеді. Оқ оған кіреберіске кірген кезде тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 сәуірде Ыстамбулдағы ҚР Бас консулдығына Қазақстан азаматы қоңырау шалып, оқ тигенін хабарлаған.

Консул дереу жәбірленушіге барып, оны жергілікті ауруханаға апарды.

ҚР СІМ баспасөз қызметі ер адам медициналық тексеруден өткенін, қазір оқты алу үшін жасалатын операцияны күтіп жатқанын, жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.

Ыстамбұлда жәбірленушінің жанында әйелі бар.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қазақстандық жергілікті азаматтар арасындағы атыстың кездейсоқ құрбаны болып табылады.

Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Түркиядағы атыс кезінде Қазақстан азаматы зардап шеккенін жазған едік. Екі белгісіз адам Чекмекей провинциясындағы көпқабатты үйдің жанында бір-бірімен атысқан.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды