Жазықтағы тас жолда жүк көлігі мен УАЗ соқтығысты. Жүк көлігі солтүстік бағытқа, ал УАЗ шығысқа қарай келе жатқан.
УАЗ автокөлігінің жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты жүк көлігіне жол бермеген, салдарынан қос көлік қатты соқтығысып, екі жаққа ұшып кеткен.
Сурет: Zakon.kz
Жүк көлігі жолдан шығып, шөпті жермен жүріп кеткен. Ал УАЗ оның артынан жол шетіне ұшып түскен.
Сурет: Zakon.kz
Соқтығысу салдарынан УАЗ мыжылып қалған, оның рөліндегі жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.
Сурет: Zakon.kz
Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол ақырын келе жатқан, ал УАЗ жоғары жылдамдықта болған. Ол соқтығысуды болдырмас әрекет ете алмай қалғанын айтады.
Сурет: Zakon.kz
Айта кету керек, бұл жолда автомобильдер сирек жүреді, сондықтан апатты болдырмауға болар еді.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалист және анықтаушы жұмыс істеп жатыр. Олар апаттың барлық мән-жайын анықтайтын болады.