Қытай азаматы Қазақстанда Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын құрған – Қаржылық монитринг агенттігі

Қаржылық монитринг агенттігі Қазақстан аумағында Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын құру және басқару фактісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік өкілдері 17 аумақтық департаментте қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

"Олар 2022 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді және фармацевтикалық зауыт құрылысына инвестиция салу, сондай-ақ тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді дамытуға инвестиция салу желеуімен инвесторлардан қаражат тартып келеді. Chia Tai Tianqing Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелмеген".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомсто мамандарының сөзінше, болжам бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен Қытай азаматы.

Сондай-ақ Агенттік Алматы қаласының аумағында Қазақстанның үш азаматы компанияның заңсыз қызметін насихаттаумен айналысқанын әшкерелеген. Олардың жеке басы анықталды.

"Олар инвесторларға компанияға салынған инвестициядан жоғары қайтарым алуға уәде берген. Жаңа салымшыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде сыйақы беруді уәде еткен. Салымшыларға қаражаттың қабылданғанын растайтын құжаттар ұсынылмайды, келісім-шарт жасалмайды. Компанияның жұмысы жасырылған, Қытайдың белгілі Chia Tai Tianqing компаниясының логотипі қолданылған, ал олардың қытайлық компанияның қызметіне ешқандай қатысы жоқ".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Бұл компанияға тартылған қаражат көлемі, алдын ала мәлімет бойынша, 7 млрд теңгеден асады. Өткен аптада Алматы қаласы департаментіне жәбірленушілерден аталған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 200-ден астам өтініш келіп түскен.

Қаржы пирамидасын ұйымдастыруға күдікті үш жетекшінің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: