Үндістанда арқасында үшінші қолы бар бала дүниеге келді

Сурет: видеодан скриншот
Дәрігерлер жаңа туған нәрестеге полимелия деген диагноз қойды. Қосымша қол-аяқпен туылатын балаға қойылатын бұл диагноз әлем бойынша өте сирек кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндістанның Раджастхан штатында үш қолды сәби дүниеге келді, деп жазды Daily Mail басылымы.

Баланың екі қолына қоса арқасынан қысқа қол өсіп шыққан. Ол қолында үш-ақ саусақ бар.

Желіде ереше сәби түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан бүйірінен жатқан баланы көруге болады, үшінші қолын ұстаса, бала жылай бастайды. Кіндігі түспегеніне қарағанда, бала жақында ғана туылған.

Нәрестенің аты-жөні, жынысы және қалай туылғаны жарияланбады. Дәрігерлер емдеудің ықтимал әдістері туралы хабарлаған жоқ, алайда мұндай жағдайларда қосымша шыққан қол немесе аяққа ампутация жасалуы мүмкін.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі