Арқалықта көпірден абайсызда құлап кеткен оқушы қыз құтқарылды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Арқалықта полицияның 102 шұғыл байланыс желісіне жас қыздың суға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатрульдің екі экипажы жедел түрде аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері Әміржан Тобылбаев пен Дүйсенбай Сәбитбеков құтқару құралдарын пайдаланып, бірден суға секірді. Жағаға шығарғаннан кейін Руслан Капсаматов қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.


"Полицейлер жәбірленушіні жедел медициналық жәрдемнің мамандарына тапсырды. Ол гипотермия диагнозымен ауруханаға жатқызылды", делінген Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кейінірек 16 жастағы мектеп оқушысы абайсызда суға құлап кеткені анықталды.


Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды