Абай облысында Ресейге жақын орналасқан орман өртеніп жатыр

Сурет: Instagram/oo_osa_semey_vko
Абай облысында жергілікті төтеншеліктер орман өртін сөндіруге жаппай жұмылдырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 22 мамырында "101" пультіне Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясынан 7 шақырым қашықтықта - Алтай өлкесінің Новенькая ауылының территориясында құрғақ шөп өртеніп, өршіп жатқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД.

Өртенген құрғақ шөп оты "Семей орманы" территориясына да келіп жетіп, Березовка шипажайына қауіп төндіруде.

"Өрттің алдын ала ауданы 57-70 гектарды құрайды, өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 41 адамы, 14 техникасы және 1 арнайы көлігі, орман шаруашылығынан 157 адам және 44 техника жұмылдырылды, облыстағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан 4 су таситын КамАЗ көлігі, 3 трактор жіберілді. Жергілікті полиция қызметінен 4 адам, 2 көлік бөлінді. Олар халықты құлақтандыру, жолдағы жағдайды ретеуде". Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Абай облыстық ТЖД Дағдарыс орталығында штаб ұйымдастырылды. Департаменттің жеке құрамы дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылды. Ауыл елдімекенінің кіре берісіне арнайы құрылған жедел облыстық штаб орын тепті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды