Абай облысында мың гектардан астам аумақты өрт шарпыды

Абай облысында 22 мамырдан бері алапат орман өрті сөндіріліп жатыр. Жалын 1100 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша, 23 мамыр күні таңертең Абай облысындағы орман өртінің аумағы 1100 гектарға дейін жеткен. Облыс әкімінің айтуынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ қауіпті аймақтан адамдарды шұғыл шығаруға барлық қызмет дайын тұр, деп жазды Объектив Восток.

Сағат 05:50-де Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығының күштері өрт сөндіруді жалғастырды, екі әскери алаң құрылды: Ауыл стансасы мен Ивановка ауылы, сондай-ақ орман шаруашылығының үш тракторымен жер жыртылып жатыр.

Сондай-ақ Астанада Ми-873 тікұшағы 7:00-де ұшып шығады деп хабарланды.

Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 68 адамы мен 20 техникасы, Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінен 30 адам мен 7 техника, орман шаруашылығынан 147 адам мен 56 техника, облыстың жергілікті атқарушы органдарынан  4 адам және 4 су таситын КамАЗ жұмылдырылған.

2023 жылғы 22 мамырда "101" пультіне Бородулиха ауданында, "Ауыл" стансасынан 7 шақырым жерде Алтай аймағының Новенькое ауылында  құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Сағат 15:25-те Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Новенькое ауылының маңында  құрғақ шөп өртеніп, өрт Абай облысы Бородулиха  ауданындағы Ауыл стансасынан 7 шақырым жердегі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағын да шарпыған.

Ресей Федерациясының аумағында таңғы бесте өрт жойылды деп хабарланды.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: