Павлодарда мектеп маңын торуылдаған әйелше киінген ер адам ұсталды

Сурет: Instagram/zhaloby_pavlodar
26 мамырда әйел көйлегін киген ер адам Павлодардағы №43 мектептің қоршауынан аулада ойнап жүрген балаларды сырттай бақылап тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат  Instagram-дағы Павлодар Жалобы парақшасында жарияланды. 

Сағат 16:35-теектеп маңынан біртүрлі адам жүр делінген ақпаратта. Жазба авторы полицияға хабарласуға тырысқанымен, бірақ оның айтуынша, желі үнемі бос болмапты. 

Қала полициясы болған оқиғағаға қатысты түсініктеме берді.

"2023 жылы 25 мамырда сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №43 орта мектептің жанынан 1970 жылғы ер адамды ұстады, ол Павлодар қаласында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер әңгіме барысында ер адам өзін біртүрлі ұстағанын атап өтті. Сондықтан медициналық бригада шақырылып, ол ауруханаға жатқызылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды