КТК арнасының мәліметінше, полицейлер ас ішетін бөлмеде болған. Бір кезде сержант әріптесіне оқ атқан. Оқ полицейдің басына тиген. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Екеуі құрдас болған, араларында ешқандай дау-дамай болмаған. Екеуі қатар отырып әңгімелесіп отырған.
Полицейлер "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Алматы полиция департаменті осы жылдың 5 маусымында қызметтік қаруды абайсызда қолдану салдарынан полиция қызметкері әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақатынан қаза тапқанын хабарлайды. Бұл факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды". Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек
Алматы қаласы департаменті 5 маусым күні полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын мәлімдеді.