Сағат 18:00-де 1,2,3 энергоблоктары іске қосылды. Қазір 4-ші энергоблокты іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде.
"Апаттың алдын-ала себебі анықталды. Мұнда электр жүйесіндегі сыртқы фактор әсер еткен. Байланыс конденсаторы бұзылды. Осының салдарынан 220 және 110 кв ашық тарату құрылғысы сөніп қалды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған жағдайға байланысты қаланың тең жартысы мен екі ауылдық округ атап айтқанда М.Омаров атындағы және Евгеньевский ауылдары электр қуатынсыз қалды. Көп ұзамай, 26 минуттан кейін электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді", - дейді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жарық мәселесі жауапты уәкілетті органдар мен "ERG" компаниясының басшылығының бақылауында екендігі нақтыланады. Әрі қамтамасыз ету объектілері штаттық апатсыз режимде жұмыс істейді.
Айта кетсек, Ақсу мемлекеттік электр станциясы КСРО Министрлер Кеңесінің 1954 жылғы 23 маусымдағы №1240 қаулысына сәйкес құрылған.
Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" цехында оқыс оқиға орын алғаны хабарланған болатын.