Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сурет: ҚР ТЖМ
Абай облысындағы орман өртінің қазіргі кездегі жалпы ауданы 60 мың гектардан асты. 10 маусымда таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет, яғни жалпы көлемі 410 тонна су төгілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ ұсынған соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000 астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.


"Одан бөлек өртті сөндіруге 11 тікұшақ тартылды. Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері 263 рет, яғни жалпы көлемі 590 тонна су төгілді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін Үкіметте Абай облысындағы өртті жою шаралары талқыланды. Сондықтан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қызметінен босатылды. 9 маусымда Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеген еді.

Қазақстан
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды